Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 ақпандағы N 228 және 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 432 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 10 желтоқсан N 228г

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 ақпандағы N 228 қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 8-қосымшада:
      6-тармақтың 5-бағанындағы үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "-селекциялық-генетикалық орталықтарда коллекциялық табындар қалыптастыру үшін арнаулы жабдықтарды, отандық селекцияның саны аз және жоғалып бара жатқан асыл тұқымды малдар түрлерін сатып алуға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру";
      2) "Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру ісін сақтауға және дамытуға қаражат төлеудің 2002 жылға арналған ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 432 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 11, 111-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру ісін сақтауға және дамытуға қаражат төлеудің 2002 жылға арналған ережесінде:
      10-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) селекциялық-генетикалық орталықтар асыл тұқымды малдар мен арнаулы жабдықтарды сатып алуға жасасылған шарттың (келісім-шарттың) бір данасын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады;";
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жасасылған шарттардың (келісім-шарттардың) дұрыстығы мен растығын тексереді және бюджеттік ақшаны селекциялық-генетикалық орталықтың есеп айырысу шотына аударады. Селекциялық-генетикалық орталықтар 2002 жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірмей асыл тұқымды малдар мен арнаулы жабдықтарды сатып алуды жүзеге асырады, келесі айдың ішінде барлық төлем құжаттарының және кіріске алу актілерінің көшірмелерін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі коллекциялық табындарды малдардың және арнаулы жабдықтардың бар екендігін тексереді және актімен ресімдейді".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі