Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 17 желтоқсандағы N 1715 және 2002 жылғы 1 ақпандағы N 150 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 24 желтоқсан N 1355

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мынадай қаулыларына өзгерiстер енгізілсін:
      1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына:
      көрсетiлген қаулының қосымшасында:
      IV. "Шығындар" деген бөлiмде:
      2 "Қорғаныс" деген функционалдық топта:
      2 "Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру" деген iшкi функцияда:
      308 "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi" деген әкiмшi бойынша:
      031 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру" деген бағдарламада:
      030 "Республикалық жедел құтқару жасағы" деген кiшi бағдарламадағы "27820" деген сан "29820" деген санмен ауыстырылсын;
      032 "Әскери бөлiмдердi ұстау" деген кiшi бағдарламадағы "253425" деген сан "255873" деген санмен ауыстырылсын;
      033 "Аэромобильдi аймақтық жедел құтқару жасақтары" деген кiшi бағдарламадағы "57603" деген сан "61603" деген санмен ауыстырылсын;
      034 кiшi бағдарламасы алынып тасталсын;
      035 "Республикалық дағдарыс орталығы" деген кіші бағдарламадағы "12880" деген сан "14880" деген санмен ауыстырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 1 ақпандағы N 150 қаулысына :
      көрсетілген қаулының 3-қосымшасында:
      4-тармақтағы "жоғары басшылықтың ерекше кезеңде мемлекетті басқаруда жұмысын ұйымдастыру" деген сөздер алынып тасталсын;
      5-тармақтағы "арнайы мақсаттағы "Метеостанса-3" объектiсiн ұстау" деген сөздер алынып тасталсын;
      6-тармақтың кестесiндегi реттiк нөмiрi 4-жол алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi