"Қазақ мұнай және газ институты" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 23 желтоқсан N 1346

      "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңын , "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысын  іске асыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз етілуін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің минералдық тыңайтқыштарды сатып алуын мемлекеттік субсидиялаудың 2002 жылға арналған ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 наурыздағы N 291 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 72-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің минералдық тыңайтқыштарды сатып алуын мемлекеттік субсидиялаудың 2002 жылға арналған ережесінде:
      12-тармақта "1 қарашадан" деген сөздер "10 желтоқсаннан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі