"Маңғышлақ атом энергиясы комбинаты" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнының конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 23 желтоқсан N 1341

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 243-құжат):
      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген сыйлықтарды тағайындау:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясына - екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарда көрсетілген сыйлықтар;
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне - алтыншы, жетінші, тоғызыншы абзацтарда көрсетілген сыйлықтар жүктелсін.";
      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22  мамырдағы N 550 қаулысына :
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысында:
      14-тармақ мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "18-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін аса көрнекті ғалымдардың атындағы сыйлықтарды тағайындау;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі