Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 20 желтоқсан N 1335

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2006 жылға дейінгі акциялардың мемлекеттік пакеттері жекешелендіруге, оның ішінде жекешелендірудің алдын ала сатысына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 40 және 41-жолдармен толықтырылсын:
      "40. "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" ААҚ (Астана қаласы) 100%
      41. "Казахстанская правда" республикалық газеті" ААҚ (Астана қаласы) 100%".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі