Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 ақпандағы N 218 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 10 желтоқсан N 1296

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 ақпандағы N 218 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарында:
      "Заң жобасының атауы" деген бағандағы реттік нөмірі 47-жолда "Қазақстан Республикасының Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Су кодексі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 47-1-жолмен толықтырылсын:
_________________________________________________________________
47-1. "Ұлттық мұрағат  ҚПА  қыркүйек қазан  қараша  Жәшібеков Ғ.Б.
      қоры мен
      мұрағаттар
      туралы"
      Қазақстан
      Республикасының
      Заңына толық.
      тырулар енгізу
      туралы
_________________________________________________________________

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі