Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлімі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 217-3-жолмен толықтырылсын:
"217-3 АЛА - 004142 "Қазақстан Эксимбанкі" ААҚ".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі