Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 27 наурыздағы N 356 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 5 қараша N 1171

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген 1-бөлiмiнде:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" деген жолдың 3-бағанындағы "53" деген сан "55" деген санмен ауыстырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 22 мамырдағы N 550 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 150-құжат):
      2-тармақтың 3) тармақшасында "5" деген сан "6" деген санмен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң), жарғысында:
      20-тармақта "үш вице-президентi болады." деген сөздер "төрт вице-президентi болады." деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі