"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 қарашадағы N 1170 қаулысы

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.14.  N 806  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 949  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 32, 299-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы ережеде:
      7-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Авторлар ұжымы құрамына кiретiндердi қоспағанда, авторлар қайтыс болғаннан кейiн Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылмайды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі