Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 116 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 28 желтоқсан N 116б

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 116 қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулының 3-қосымшасында:
      6-тармақтың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "(55 бiрлiк мөлшерiнде автокөлiк құралдарын; нысандық және арнайы киiм-кешектi: 2385 бiрлiк ерлер пальтосы, 432 бiрлiк әйелдер пальтосы, 68 бiрлiк қаракөл ерлер бөрігі, 2305 цигейка ерлер бөрiгі, 430 бiрлiк қаракөл бөрiктер, 1000 бiрлiк жеңсiз күрте, 2745 бiрлiк болонья курткасы, 500 пара әйелдер туфлиi, 200 бiрлiк ұзын жеңдi жазғы куртка, 200 бiрлiк қысқа жеңдi жазғы куртка, 16241 пара алмалы-салмалы (күнделiктi) погондар, 3245 пара алмалы-салмалы ақ (салтанатты) погондар, 5000 бiрлiк үлкен "жұлдызшалар, 15000 бiрлiк шағын жұлдызшалар, 658 бiрлiк KZ эмблемасы, 24 бiрлiк китель-шалбар, 10 бiрлiк куртка-шалбар, 58 бiрлiк ұзын жеңдi жейде, 935 бiрлiк қысқа жеңдi жейде, 8 дана фуражка, 16 дана шеврон, 32 грамм канитель, 8 бiрлiк кокарда, диаметрi 14 мм елтаңбасы бар 8 дана түйме төрт түрi бойынша нысандық киiм-кешектi қалпына келтiру жөнiндегi қызметтердi; арнайы техникалық құралдар мен байланыс құралдарын: 17 бiрлiк радиомикрофон, 13 бiрлiк сканерлейтiн қабылдағыш, 37 бiрлiк диктофон, 2 жинақталым портативтi дыбыс және бейне бақылау кешенiн, 18 бiрлiк құрамдастырылған передатчик, 3 бiрлiк сканерлейтiн қабылдағыш инверсиясымен, 3 бiрлiк құлыптарды талдау үшін арнайы құрал, 34 бiрлік ультрафиолет шам, 1 жинақталым үш арналы транкингтiк жабдықтар, 25 бiрлiк алып жүретiн үлгiдегi радиостанция, 7 бiрлiк автомобильдiк транкингтік радиостанция, 2 бiрлiк стационарлық транкингтiк радиостанция, 7 бiрлiк Motorola MTS 2000 радиостанциясын; басқа активтердi: 180 бiрлiк стол, 210 бірлiк орындық, 20 бiрлiк кiтап шкафын, 30 бiрлік киiм шкафын, 10 бірлiк 4 секциялы файл шкаф, 20 бiрлiк компьютер үшiн тұғырық, 131 текше метр жалюзи, 15 бiрлiк стол лампаларын, 30 бiрлiк вентилятор, 5 бiрлiк мөртабандар, 20 бiрлiк айна, 5 бiрлiк кресло, 5 бiрлiк басшылық үшiн офис жиhазы жинақталымын, 1 бiрлiк телевизор, 1 бiрлiк диван-кушетка, 2 бiрлiк микротолқынды печь, 3 бiрлiк тоңазытқыш, 3 бiрлiк шаңсорғыш; 1 бiрлiк кондиционер, 19 бiрлiк валюта детекторын, 2 бiрлiк спутниктiк жабдықтар терминалын; 3 бiрлiк ионизатор, 10 бiрлiк майлы жылытқыш; 2 бiрлiк электр шәйнек, қызметтiк куәлiкке арналған шығындау материалдарын: 3500 дана ВУ-1855P мұқаба-дайындамасын, 45 рулон РК-700 пленкасын, 45 рулон СК-700 қағазын сатып алу".
      көрсетiлген қаулының 6-қосымшасында:
      6-тармақтың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "2002 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiн құру үшiн дайындау жұмыстары мен жоба алдындағы зерттеулер, сондай-ақ орталық аппаратты, Астана қаласы және Қарағанды облысы бойынша қаржы полициясы департаменттерiн 4 аудандық деңгейдегi аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге қамтитын пилоттық аймақты құрудан тұратын әзiрлеудiң бiрiншi кезеңi жүргiзiледi, оның iшiнде: 1) екi қаржы полициясы департаментiнде 85 желiлiк жұмыс орнын құру үшiн кабельдiк жұмыстар жүргiзу; 2) жабдықты сатып алу және орнату, оның iшiнде: серверлер: деректер базасының 1 бас серверi, 2 аймақтық сервер; жұмыс станциялары: 241 жұмыс станциясы; перифериялық жабдықтар: 89 принтер, 22 сканер, 9 цифрлы камера; желiлiк жабдықтар: 14 коммутатор, коммутатор функциясына ие 3 желiлiк маршрутизатор, 13 модем, 3 кондиционер, 6 монтаждық шкаф, 6 үздiксiз қоректену көзi; 3) осы бағдарламаның шеңберiнде серверлер мен жұмыс станциялары үшiн базалық және жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу; қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі