Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі N 1006 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 22 қазан N 1138. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 798 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді

      айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 шілдедегі

      N 1006

      P001006_

      қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қару мен әскери техниканы пайдалануға

      құқылы субъектілердің тізбесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі";

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Мамандар:

      Багарова Ж.А.,

      Қасымбеков Б.А.