Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 27 қыркүйек N 1062

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн;

      2) Қоғамның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

      3) Қоғам мемлекеттік тiркелгеннен кейiн Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетіне иелiк ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне берсін;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 27 қыркүйектегi
N 1062 қаулысымен
бекiтiлген

      Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешімдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

      Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестері республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тiзбесінде:

      "Астана қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 21-30-жолмен толықтырылсын:

      "21-30 "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ".

      3. "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :

      көрсетiлген қаулыға қосымшада:

      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 160-14-жолмен толықтырылсын:

      "160-14 "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 қаулысымен.

      6. "Акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 22 тамыздағы N 1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 389-құжат):

      1) 1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Эйр Қазақстан" деген сөздерден кейiн "Астана халықаралық әуежайы" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 2-тармақтағы "Астана халықаралық әуежайы" деген сөздер алынып тасталсын.

      7. "Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту" жобасын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 маусымдағы N 611 қаулысына :

      3-тармақта "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны" деген сөздер "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлiк қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына" деген сөздер "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлік қоғамына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақта "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына" деген сөздер "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлік қоғамына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтың үшінші абзацында "Астана халықаралық әуежайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынмен" деген сөздер "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлiк қоғамымен" деген сөздермен ауыстырылсын.