Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.19 № 1221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсету үшін авиабағыттарға конкурс өткізу және куәліктер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 401 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 10, 100-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсету үшін авиабағыттарға конкурс өткізу және куәліктер беру ережесінде: 
      11-тармақтың 2) тармақшасында ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілуі" деген сөздер алынып тасталсын. 
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі