Заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қаражатын құрау мен пайдалану тәртiбi жөнiндегі ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 21 тамыз N 933. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.27. N 586 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Мына жер қойнауын пайдалану құқығына лицензиялар қайтарып алынсын:
      1) Павлодар облысының Екiбастұз қаласында Екiбастұз тас көмiр кен орнын өңдеуге "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамына Қазақстан Республикасының Үкiметi берген 1995 жылғы 7 қыркүйектегi сериясы МГ N 571 лицензия;
      2) Павлодар облысы Екiбастұз ауданының шегiнде Екiбастұз тас көмір

 

кен орнының 1, 2, 3, 4, 9, 10-учаскелерiнде көмiр өндiруге "Бiртұтас

электроэнергетикалық кешен" корпорациясының "Энергокөмiр" жабық

акционерлiк қоғамына Қазақстан Республикасының Үкiметi берген 1997 жылғы

29 шiлдедегi сериясы МГ N 1334 лицензия.

     2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар

министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.