Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1765 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 шілде N 790

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мына мемлекеттiк мекемелері құрылсын:
      1) "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы";
      2) "Автокөлiк қызметiн көрсету мекемесi".

      2. Құрылатын мемлекеттік мекемелердi қаржыландыру 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк мекемелердiң Ережелерiн бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1443 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі