Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.05.2017 № 286 қаулысымен.
Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою әрi өнеркәсiптегi еңбек қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай ғылыми-зерттеу жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң "Қазақ мемлекеттiк тау-кен өнеркәсiбiндегi жұмыстардың қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты", "Химия, мұнай-химиясы, мұнай өңдеу микробиология, химиялық-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбi қауiпсiздiгiнiң проблемалары жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу орталығы", "Түстi металлургия кәсiпорындарының техникалық қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы", "Қара металлургия кәсiпорындарының техникалық қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы", "Мұнай-газ өнеркәсiбiндегi, мұнай және газ бойынша геологиядағы техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары оларды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң "Өнеркәсiп қауiпсiздiгi проблемалары жөнiндегi ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына (бұдан әрi - Кәсiпорын) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi қауiптi өнеркәсiп объектiлерiндегi өнеркәсiп қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігі белгiленсiн.
4. Қосымшаға сәйкес Кәсiпорынға еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруға рұқсат берiлсiн.
5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттiк меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 P981141_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мемлекеттiк республикалық меншiкте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектiлерiнiң тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң "Өнеркәсiп қауiпсiздiгi проблемалары жөнiндегi ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны".
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 шiлдедегi N 772 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінің "Өнеркәсiп қауiпсiздiгi проблемалары жөнiндегi ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарының
ТIЗБЕСI
1. Қазақ мемлекеттiк тау-кен өнеркәсiбiндегi жұмыстардың қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты Қарағанды қаласы
2. Химия, мұнай-химиясы, мұнай-газ өңдеу, микробиология, химиялық-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбi қауiпсiздiгiнiң проблемалары жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу орталығы Шымкент қаласы
3. Түсті металлургия кәсiпорындарының техникалық қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы Өскемен қаласы
4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.05.25. N 772 Қаулысымен.
5. Мұнай-газ өнеркәсiбiндегi, мұнай және газ бойынша геологиядағы техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы Атырау қаласы