Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 789 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 14 маусым N 646.

      Спорттағы дарынды балалардың жеке ерекшелiктерiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

      2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн: 
      1) қысқы спорт түрлерi бойынша спорттық резервтi және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын даярлау; 
      2) оқушылардың спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету. 

      3. Мекеменi қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiне көзделетiн қаражат шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 

      4. Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Лениногор қаласы, Лесное селосы мекен-жайы бойынша орналасқан "Лениногор" санаторийiн кейiннен Мекемеге беру үшiн Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiнен республикалық меншiкке беру туралы ұсынысы қабылдансын. 

      5. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi: 
      1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен "Лениногор" санаторийiн республикалық меншiкке қабылдауды және оны Мекемеге берудi қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсін.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   
2002 жылғы 19 маусымдағы       
N 673 қаулысымен           
бекiтiлген           

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1130  қаулысымен .

      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604   қаулысына .

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      4. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "IV. Шығындар" бөлiмiнде:
      4 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:
      2 "Жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта бiлiм беру" iшкi функциясында:
      613 "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" әкiмшiсi бойынша: 
      031 "Дарынды балаларды мемлекеттiк қолдау" бағдарламасында: 
      032 "Өскемен қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" кiшi бағдарламасында "Өскемен" деген сөз "Лениногор" деген сөзбен ауыстырылсын. 

      5. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 қаңтардағы N 77  қаулысына :
      көрсетiлген қаулыға 5-қосымшада:
      2, 6-тармақтардағы "Өскемен" деген сөз "Лениногор" деген сөзбен ауыстырылсын.