Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай
өзгерістер енгізілсін:
1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715
P011715_
қаулысына:
8-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 ақпандағы N
228
P020228_
қаулысына:
көрсетілген қаулыға 25-қосымшада:
6-тармақта:
5-бағанда:
реттік нөмірі 1-жолда:
"несие берудің ережесіне сәйкес" деген сөздер "арнап" деген сөзбен
ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын" деген сөздер алынып
тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.