Мемлекеттік меншікті басқарудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 мамыр N 559

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқығын "Хабар" агенттігі" жабық акционерлік қоғамына беру туралы шартты бұзсын;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шарт бұзылғаннан кейін "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне берсін;
      3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 P990405_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

 

     көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі

21-28-жолмен толықтырылсын:

     "21-28                       "Қазақстан теледидары мен радиосы"

                                  республикалық корпорациясы" ЖАҚ".

     3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік

пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі

құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27

мамырдағы N 659 


P990659_


  қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

     көрсетілген қаулыға қосымшада:

     "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім

министрлігі" бөлімі

     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 224-16-жолмен толықтырылсын:

     "224-16 СТЛ - 000337         "Қазақстан теледидары мен радиосы"

                                  республикалық корпорациясы" ЖАҚ".

     4. "Мемлекеттік теледидар мен радионы дамытудың кейбір мәселелері

туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 тамыздағы N 1018



P011018_


  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 29,

361-құжат) күші жойылды деп танылсын.

     5. Осы қаулы, осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасы орындалғаннан

кейін күшіне енетін 2 және 3-тармақтарды қоспағанда, қол қойылған күнінен

бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.