Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Несие жөніндегі келісімдерді (Кәдімгі операциялар) және (Арнайы операциялар) (Су қорларына иелік жасау және жерді қалпына келтіруді басқару жобасы) іске асыру жөніндегі шаралар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 мамыр N 541

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1778  P001778_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 51, 582-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамытудың бағдарламасында:
     "Күрделі құрылыс" 4-бөлімде:
     "Іс-шаралар" тарауында:
     төртінші, бесінші абзацтар алынып тасталсын;
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамытудың бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспарында:
      реттік нөмірі 6-жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі