Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 наурыздағы N 389 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 мамыр N 532.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.11. N 1180 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Білім" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 наурыздағы N 389  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 12, 128-құжат) мынадай
өзгерістер енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген "Білім" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
     1) реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:
-------------------------------------------------------------------
1  !     2         !     3      !          4         !  5   !  6
-------------------------------------------------------------------
"26.  Әлеуметтік әріптестік   Ұсынымдар  "Әлеуметтік          2002
      шеңберінде кәсіптік                әріптестік пен       жылғы
      білім беру мәселелері              әлеуметтік және      мамыр
      жөнінде ұсынымдар                  еңбек қатынастарын
      әзірлеу                            реттеу жөніндегі
                                         республикалық үш
                                         жақты комиссия
                                         (келісім бойынша)";
-------------------------------------------------------------------
     2) реттік нөмірі 47-жол алынып тасталсын;
     3) "Орындалу мерзімі" деген бағандағы реттік нөмірі 51-жолда "2001 жылғы тамыз" деген сөздер "2002 жылғы желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі