Қазақстан Республикасы спортшыларының 2002 жылы Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Балтық елдері мен Ресей аймақтарының Халықаралық жасөспірімдер спорт ойындарына қатысуы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 мамырдағы N 527 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 мамырдағы N 691 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303 өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. <*>
      Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.20. N 280 қаулысымен.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы қылмыспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы N 764 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 20, 257-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы N 764 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 қарашадағы N 1502 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 40, 518-құжат).
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі