"Екібастұзөнеркәсіпсервис" ашық акционерлік қоғамының конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 6 мамыр N 497

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Z970067_ Заңына сәйкес және "Екібастұзөнеркәсіпсервис" ашық акционерлік қоғамын банкрот деп тану туралы сот шешімінің қабылдануына байланысты, сондай-ақ еліміздің экономикасы үшін оның маңызды стратегиялық мәнін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Екібастұзөнеркәсіпсервис" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Екібастұзөнеркәсіпсервис" ААҚ) конкурстық массасын сатудың мыналарды көздейтін ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін:
      1) "Екібастұзөнеркәсіпсервис" ААҚ-тың конкурстық массасын бірнеше лоттарға бөлу;
      бірінші лот - "Ударная" және "Трудовая" темір жол станцияларының мүліктік кешендері;
      екінші лот - өзге мүлік;
      2) бірінші лоттың бастапқы бағасын әкімшілік шығыстардың және бірінші, екінші және үшінші кезектегі несие берушілер талаптарының сомаларынан төмен емес етіп белгілеу;
      3) өндірістің үздіксіздігін сақтай және табиғатты қорғау объектілерінің жұмысын қамтамасыз ете отырып, банкроттық рәсімін жүргізу.
      2. Бірінші лотты сатып алушыларға мынадай қосымша талаптар белгіленсін:
      1) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен келісілген мүліктік кешендерді дамытудың және пайдаланудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасының болуы;
      2) Екібастұз бассейнінің көмірін соңғы бес жыл ішінде жылына екі жарым миллионнан кем емес көлемде пайдалану;
      3) "Ударная" және "Трудовая" темір жол станцияларының қызметкерлерімен еңбек шарттарының үздіксіздігін және осы шарттар бойынша сатып алушының құқықтық мұрагерлігін қамтамасыз ету.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Екібастұзөнеркәсіпсервис" ААҚ-ның иелігіндегі шектеулі мүліктің бір бөлігін сату жөніндегі мамандандырылған ашық аукционды өткізудің ерекше тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 217 P000217_ қаулысы;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 12 шілдедегі N 952 және 2000 жылғы 12 ақпандағы N 217 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 424 P000424_ қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі бұрын

 

қабылданған шешімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.