2002 жылға арналған республикалық бюджетте 042 "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі мен өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 наурыз N 377

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 291 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.19 N 159 Қаулысымен;
      2) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптамасы орталығы ұсынатын ақылы қызмет көрсетулердi iске асырудан түскен қаражатты пайдалану жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 31 наурыздағы N 486 P000486_ қаулысына:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптамасы орталығы ұсынатын ақылы қызмет көрсетулердi iске асырудан түсетiн қаражатты пайдалану жөнiндегi нұсқаулықта:
      2-тармақтың екінші және үшінші абзацтарындағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен" деген сөздер "бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2.  Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі