Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N 1235 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 наурыздағы N 347 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Дене дайындығы мен спорт бас басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті - Орталық армия спорт клубы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Спорт комитеті) болып қайта аталсын.
      2. Спорт комитеті штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері штат санының лимиті шегінде 1003 бірлік санында белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
      1) Спорт комитетінің Жарғысына тиісті өзгерістер енгізсін;
      2) Спорт комитетінің әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2014 № 707 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі