Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 желтоқсандағы N 1652 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 22 ақпан N 240

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттік кепілдіктер берудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 желтоқсандағы N 1652 P011652_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) "Kazakstan Airlines" ашық акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Заемшы) тартылатын мемлекеттік емес заем бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының мынадай мемлекеттік кепілдігін берсін:
      "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z000131_ Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер беру лимитінің шегінде 27 000 000 (жиырма жеті миллион) АҚШ доллары мөлшерінде негізгі борышын, сондай-ақ кепілгердің төлеуге тиісті пайыздары мен өзге де төлемдерін қамтитын сомада;

 

     "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан

Республикасының 


Z010273_


  Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер беру

лимитінің шегінде 42 000 000 (қырық екі миллион) АҚШ доллары мөлшерінде

негізгі борышын, сондай-ақ кепілгердің төлеуге тиісті пайыздары мен өзге

де төлемдерін қамтитын сомада;".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.