Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн радиосәуле шығаратын құралдардың деректерiн есепке алудың бірыңғай жүйесiн құру бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 қаңтар N 114

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 14 наурыздағы N 359 U000359_ Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсiздігін қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс

 

iстейтiн Радиосәуле шығаратын құралдардың деректерiн есепке алудың

бiрыңғай жүйесiн құру бағдарламасы бекiтiлсiн.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк

және коммуникациялар министрлiгiне жүктелсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi және

жариялануға тиiс.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                           Қазақстан Республикасы

                                               Үкiметінің

                                          2002 жылғы 26 қаңтардағы

                                             N 114 қаулысымен

                                               бекiтiлген


      Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн радиосәуле

    шығаратын құралдардың деректерiн есепке алудың бiрыңғай жүйесiн құру

                           БАҒДАРЛАМАСЫ


                    1. Бағдарламаның паспорты


     Атауы

     Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн радиосәуле

шығаратын құралдардың деректерiн есепке алудың бiрыңғай жүйесiн құру

бағдарламасы.


     Әзiрлеу үшiн негiз

     Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының

ақпараттық қауіпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған

мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы N 359 


U000359_



Жарлығы.


     Бағдарламаның мақсаты

     Республика аумағында жұмыс iстейтiн радиосәуле шығарушы құралдардың

деректерiн есепке алудың бiрыңғай жүйесiн құру.


     Бағдарламаның мiндеттерi

     Мынадай:


 
       1) радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың иелерi (радиожиілік спектрiн пайдаланушылар) жөнiндегi деректердi есепке алу;
      2) осы радиоэлектрондық құралдарға және жоғары жиiлiктi құрылғыларға бекiтiлген радиожиiлiктердi есепке алу;
      3) радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды, сондай-ақ олардың техникалық параметрлерiн есепке алу;
      4) бағдарламалық-аппараттық деректер қорына деректердi енгiзудi автоматтандыру;
      5) жиынтық есеп берулердi және кестелердi құру мiндеттерiн шешу үшiн республика аумағында жұмыс iстейтiн радиосәуле шығаратын құралдардың дерекқорын есепке алудың бiрыңғай жүйесiн құру.
 
      Қаржыландыру көзi және көлемi
      Бағдарламаны қаржыландыру N 44 "Радиожиiлік спектр және радиоэлектрондық құралдардың мониторинг жүйесiн құру" бағдарламасы бойынша 2003 жылы бөлiнуi белгiленген 57,5 миллион теңге сомасына республикалық бюджет қаражаты есебiнен және шегiнде көзделедi. 2002 жылы Бағдарламаны орындау жөнiндегi iс-шаралар шығындарды талап етпейдi.
 
      Iске асыру мерзiмi - 2002-2003 жылдар
 
      Мемлекеттiк тапсырыс берушi - бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi.
 
                           2. Кiрiспе
 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы N 359 Жарлығы бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
      Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн радиосәуле шығаратын құралдардың деректерiн есепке алудың бiрыңғай жүйесiн құру бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 14 наурыздағы N 359 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 1.5-тармағына сәйкес әзiрлендi.
      Телекоммуникациялық қызмет көрсету рыногы қарқынды дамуы Қазақстан Республикасының аумағында радиожиiлiк спектрiн (бұдан әрi - РЖС) пайдаланушы алуан түрлi радиоэлектрондық жүйелердiң пайда болуына әкеп соқты.
      Қазiргi дүниеде дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылым ұлттық экономиканың қалыпты жұмыс iстеуiн анықтайды. Телекоммуникациялық ресурстар мемлекеттiң маңызды экономикалық, әскери және саяси қуаты болып табылады. Сондықтан да коммуникациялар мен радиожиілiк спектрiн қорғау мемлекет қызметiнiң аса маңызды саласы болып табылады.
      Көрсетілген мемлекеттiк ресурстардың ұлттық қорғау жүйесiн жетiлдiру және нығайту ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң бiр қыры болып табылады. Олардың жеткілiктi түрде қорғалмауы маңызды саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық ақпараттың орны толмайтын шығынына әкелiп соғуы мүмкiн.
 
               3. Мәселенiң қазiргi жай-күйiн талдау
 
      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында түрлi мақсаттар үшiн 3 кГц-тен бастап 400-ГГц-ке дейiнгi диапазондағы радиожиіліктер пайдаланылады.
      Өткiзгiш және талшықты-оптикалық байланыс желiлерiн салудың және пайдаланудың салыстырмалы жоғары құны, байланыс жүйелерінің ұтқырлығына күшейіп отырған талаптар, қазiргi заманғы радиоэлектрондық құралдар (бұдан әрi - РЭҚ) мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың (бұдан әрi - ЖЖҚ) техникалық сипаттамаларының жақсаруы, сондай-ақ басқа да факторлар әртүрлi мақсаттағы радиобайланыс жүйелерiн қолдану саласының қарқыны кеңеюiн туындатады.
      Телекоммуникациялық қызмет көрсету рыногы қарқынды дамып келе жатқан, ведомстволық, өндiрiстiк және басқа да мақсаттағы байланыс құралдары белсендi қолданылып отырған жағдайда РЖС-тi, РЖС-тiң әртүрлi диапазондарында жұмыс iстейтiн радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды, сондай-ақ осы РЭҚ пен ЖЖҚ-ны пайдаланатын Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды және жеке тұлғаларды толыққанды есепке алудың бiрыңғай жүйесiн құру қажет.
      Қазiргi уақытқа дейiн Қазақстан Республикасында РЖС жекелеген ауқымдарының ескiрген деректер қоры мен қағаз ақпарат көздерiндегi деректер пайдаланылады, осыған байланысты жұмыс iстейтiн радиоэлектрондық құралдарды қадағалау, радиокедергiлер көздерiн анықтау радиоэлектрондық құралдардың мәлiмдеген параметрлерінің iс жүзiндегiсiмен сәйкестiгiн тексеру өте қиын. Осының салдарынан радиожиілік спектрiн уәкiлеттi органға, мұның өзi, оны бақылаусыз пайдалануға және белгiленген төлемдердiң республикалық бюджетке толық түспеуiне әкеледi.
      Iстiң мұндай жай-күйi мемлекеттiң ақпараттық қауiпсiздiгiне елеулi қатер төндiредi.
      Проблеманы шешуге радиосәуле шығарушы құралдардың деректерiн есепке алудың бiрыңғай жүйесiн құруды көздейтiн кешендi мақсатты бағдарламаны қабылдау және осы негiзде Қазақстан Республикасының аумағында радиожиілік спектрiн пайдалануға талдау жүргiзу септiгiн тигiзедi.
      Бүкiл радиосәуле шығаратын құралдарын есепке қою мәселесiне арналған зерттеулердi талдау, оны тиiмдi шешудің маңызды шарты берiлген өлшемдерге сәйкес ақпаратты алу, өңдеу, сақтау және беру процестерiнің негiзгi кезеңдерiн ескеретiн жан-жақты көзқарас қажет екенiн көрсетедi.
 
                     4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
 
      Бағдарламаның мақсаты Республика аумағында жұмыс iстейтiн радиосәуле шығарушы құралдардың деректерiн есепке алудың бiрыңғай жүйесiн құру болып табылады.
      Көрсетiлген мақсатқа жету үшiн мәселе қою шешiмдерiн дайындау, жобалық жұмыстарды жүргiзу, деректер қорының қисынды құрылымын және бағдарламалық қамтамасыз етуiн әзiрлеу, оны тәжiрибелiк пайдалану және радиосәуле шығарушы құралдардың бағдарламалық-аппараттық деректер қорын орнату көзделедi.
      Бағдарламаны iске асыру мынадай мiндеттердi шешуге бағытталады:
      РЭҚ мен ЖЖҚ иелерiн (РЧС пайдаланушылар) есепке алу,
      осы РЭҚ мен ЖЖҚ-ға бекiтiлген радиожиiлiктердi есепке алу,
      РЭҚ мен ЖЖҚ, сондай-ақ олардың техникалық параметрлерiн есепке алу,
      барлық деректердi енгiзудi автоматтандыру,
      жиынтық есептер мен кестелердi жасау.
 
        5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен iске асыру тетiгi
 
      1. РЖС пайдалану саласындағы қазiргi бағдарламалық-аппараттық құралдарды, РЭҚ электромагниттiк үйлесiмдiлiгi және пайдаланыстағы РЭҚ пен ЖЖҚ-ны есепке алуды талдау.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн радиосәуле шығаратын құралдардың аппараттық-бағдарламалық деректер қорын әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзу.
      Бағдарламаны iске асыру тиiстi техникалық тапсырма жобасын орындауға арналған мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде жүзеге асырылады.
      Бұл ретте Бағдарламаның әкiмшiлерi осы тараудың 1-тармағы бойынша жұмысты қамтамасыз етедi, ал конкурстық iрiктеуден өткен ұйым осы тараудың 2 тармағы бойынша жұмысты қамтамасыз етедi.
      Негiзгi кезеңдерi:
      1) қазiргi бағдарламалық-аппараттық құралдарға талдау жүргiзу және "Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн радиосәуле шығарушы құралдардың деректерiн есепке алудың бiрыңғай аппараттық-бағдарламалық жүйесiн құру" техникалық тапсырмасын әзiрлеу;
      2) заңнамаға сәйкес Бағдарлама тапсырмаларын орындауға конкурстар өткiзу, конкурстық негiзде жобаны орындаушыны анықтау. Радиосәуле шығаратын құралдардың деректерiн есепке алудың құрылған аппараттық-бағдарламалық жүйесiне мiндеттi мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама;
      3) Бағдарлама тапсырмаларын орындауды үйлестiру және ағымдағы бақылау;
      4) аралық және қорытынды жауаптарды даярлау;
      5) нәтижелерiн мемлекеттiк қабылдау.
 
           6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi
 
      Бағдарламаны қаржыландыру N 44 "Радиожиілік спектр және

 

радиоэлектрондық құралдардың мониторинг жүйесiн құру" бағдарламасы бойынша

республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде 57,5

миллион теңге сомасында жүзеге асырылады. Осы тапсырыс шегiнде 2003 жылы

республикалық және аймақтық дерекқорлар құру жоспарланып отыр. 2002 жылы

Бағдарламаны орындау жөнiндегi iс-шаралар шығындарды талап етпейдi.


           7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер


     Бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер мыналар:

     1) Республика аумағында жұмыс iстейтiн радиосәуле шығарушы

құралдардың деректерiн есепке алу жүйесi жөнiндегi нормативтiк әдiстемелiк

қоры;

     2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтін радиосәуле

шығаратын құралдардың аппараттық-бағдарламалық дерек қоры;

     3) 3 кГц-тен бастап 400 ГГц-ке дейiнгi жиiлiктер диапазонында

Қазақстан Республикасының радиоқызметтерi арасындағы жиiлiкте белдеуiн

бөлу кестесiнiң деректерiн тұрақты жаңарту болып табылады.


         8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары

_________________________________________________________________________

N!               Іс-шаралар        !  Аяқталу  !  Орындауға     !Орындау

!                                 !  нысаны   !  жауапты       !мерзімі

_________________________________________________________________________

                  Ұйымдастырушылық іс-шаралары

_________________________________________________________________________

1  РЖС пайдалану, РЭҚ электромаг.   Есеп беру   Қазақстан        2002

   ниттік үйлесімділігін және пай.              Республикасының  жылдың ІІ

   даланылатын РЭҚ және ЖЖҚ есепке              Көлік және       тоқсаны

   алу саласындағы қазіргі бағдар.              коммуникациялар

   ламалық-аппараттық құралдарға                министрлігі

   талдау жүргізу

_________________________________________________________________________

2  Радиожиілік спектрін бөлуге      Бірлескен   Қазақстан        2002

   қатысатын облыстық бөлімшелер.   бұйрық      Республикасының  жылдың ІІ

   ден және басқа да министрліктер              Көлік және       тоқсаны

   мен ведомстволардан радиосәуле.              коммуникациялар

   шығарушы құралдар туралы дерек.              министрлігі

   терді алу, өңдеу және беру                   Қазақстан

   тәртібін белгілеу                            Республикасының

                                                Қорғаныс

                                                министрлігі

_________________________________________________________________________

3  Деректерді жиіліктік қамта.      Жиынтық     Қазақстан        2002

   масыз етуде тұрған барлық        деректер    Республикасының  жылдың ІІІ

   министрліктер мен ведомство.                 Көлік және       тоқсаны

   лармен алып отырған жиіліктер                коммуникациялар

   диапазонына және 2005 жылға                  министрлігі

   дейін пайдалануға жоспарланған               Қазақстан

   жиіліктер ауқымында жұмыстарды               Республикасының

   жетілдіру. Жиынтық деректерді                Қорғаныс

   бағдарлама әкімшілігіне беру                 министрлігі

_________________________________________________________________________

4  "Қазақстан Республикасының       Техникалық  Қазақстан        2002

   аумағында жұмыс істейтін радио.  тапсырма    Республикасының  жылдың ІV

   сәуле шығарушы құралдардың дерек             Көлік және       тоқсаны

   қорларын есепке алудың бірыңғай              коммуникациялар

   аппараттық-бағдарламалық жүйесін             министрлігі

   әзірлеу" техникалық тапсырмасын                           

   жасау                                       

_________________________________________________________________________

5  "Қазақстан Республикасының       Бұйрық,     Қазақстан        2003

   аумағында жұмыс істейтін радио.  конкурстық  Республикасының  жылдың І

   сәуле шығаратын құралдардың      комиссия.   Көлік және       кварталы

   деректерін есепке алудың бірың.  ның         коммуникациялар

   ғай жүйесін құру" жобасын ірік.  материал.   министрлігі

   теу жөніндегі конкурсты ұйым.    дары                     

   дастыру мен өткізу және орын.

   даушыны белгілеу

_________________________________________________________________________

6  "Қазақстан Республикасының       Есеп        Жобаны           2003 жыл

   аумағында жұмыс істейтін радио.  беру        орындаушы       

   сәуле шығаратын құралдардың де.                   

   ректерін есепке алудың бірыңғай     

   жүйесін құру" жобасын іске асыру

   жөніндегі есепті ұсыну және оны

   белгіленген тәртіппен қарау


_________________________________________________________________________

7  Деректерді есепке алудың         Бірыңғай    Қазақстан        2003 жыл

   бірыңғай жүйесін орнату және     аппаратты-  Республикасының 

   қолданысқа енгізу                бағдарла.   Көлік және     

                                    малық де.   коммуникациялар

                                    ректерді    министрлігі

                                    есепке

                                    алу жүйесі

_________________________________________________________________________

8  Үкіметтің 2000 жылғы 11 қыр.     Қазақстан   Қазақстан        2003 жыл

   күйектегі N 1379 қаулысына       Республи.   Республикасының 

   "Қазақстан Республикасының       касы        Көлік және      

   3 кГц 400 ГГц дейінгі жиілік     Үкіметінің  коммуникациялар

   диапазонындағы радиоқызметтер    қаулысы     министрлігі

   арасында жиіліктер жолағының                              

   таралу кестесіне" жиілік

   жолағын тарату бөлігінде

   өзгерістер енгізу

_________________________________________________________________________

9  Қазақстан Республикасының        Дерек       Қазақстан        Тұрақты

   аумағында жұмыс істейтін радио.  қорға       Республикасының 

   сәуле шығарушы құралдардың де.   өзгерістер  Көлік және      

   рекқорларын тұрақты жаңартып                 коммуникациялар

   отыру                                             министрлігі


__________________________________________________________________________




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.