Бюджеттiк бағдарламаның паспортын жасау ережесiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 желтоқсан N 1743. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.25. N 832 қаулысымен. ~P020832


     Бюджеттік бағдарламаның паспортын жасауға бірыңғай көзқарасты 
қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламаның паспортын жасау 
ережесі бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі
     
                                               Қазақстан Республикасы
                                                     Үкiметiнiң
                                             2001 жылғы 28 желтоқсандағы
                                                  N 1743 қаулысымен
                                                     БЕКIТIЛГЕН
                   Бюджеттiк бағдарламаның паспортын
                              жасау ережесi
  
                           1. Жалпы ережелер


      1. Бюджеттiк бағдарламаның паспорты (бұдан әрi - Паспорт) бюджеттiк бағдарламалардың мониторингiн, iске асырылуын бағалауды және тиiмдiлiгiн бақылауды, сондай-ақ бюджеттiң атқарылуы сатысында бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әзiрленедi және бекiтiледi.
      2. Паспорт күтiлетiн нәтижелердi көрсете отырып, мерзiмдерi, ресурстары және орындаушылары бойынша келiсiлген, қойылған мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған iс-шаралардың мақсатын және кешенiн анықтайды. Бұл ретте бағдарламаның мақсаты елдiң экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарын ескере отырып қойылуы тиiс.
      3. Бюджеттiк бағдарламаның мониторингiн, iске асырылуын бағалауды және тиiмдiлiгiн бақылауды қамтамасыз ету үшiн Паспорт бюджеттiк бағдарлама туралы толық ақпаратты қамтуы тиiс.
      4. Паспорттың мазмұны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде осы бағдарлама бойынша бекiтiлген бюджеттiк өтiнiмге және шығыстардың сомасына негiзделуi тиiс.
      5. Паспортты тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде көзделген әрбiр бюджеттiк бағдарлама бойынша жыл сайын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi әзiрлейдi.
      6. Бюджеттiк бағдарламалардың бiр әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бiр қаулысымен немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiлуi мүмкiн.

                        2. Паспортты жасау тәртiбi

      7. Паспорт қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және өзiне мынадай тармақтарды қамтиды:
      1) Бюджеттiк бағдарламаның құны
      Осы тармақта, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде осы бағдарлама бойынша бекiтiлген шығыстардың сомасы көрсетiледi.
      2) Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
      Осы тармақта Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерi, оның iшiнде осы бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiн iске асырудың қажеттiлiгiн анықтайтын тиiстi аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулылары немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi келтiрiледi.
      Бұл ретте нормативтiк құқықтық кесiмнiң атауын, күнiн және нөмiрiн толық көрсету, заңнамалық кесiмге сiлтеме жасаған жағдайда, баптардың нөмiрлерiн мiндеттi түрде көрсету керек.
      3) Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
      Осы тармақта бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi келтiрiледi.
      Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, оның iшiнде үкiметтiк заемдар, жергiлiктi атқарушы органдардың заемдары, жоғары тұрған бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру болуы мүмкiн.
      4) Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
      Бюджеттiк бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзiлуi тиiс белгiлi бiр түпкi нәтиже бағдарламаның мақсаты болып табылады. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты айқын, нақты және қол жетiмдi болуы тиiс.
      Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты, ең алдымен, елдiң стратегиялық даму мiндеттерiн, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарын, мемлекеттiк, салалық (секторлық) бағдарламаларды, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, сондай-ақ мемлекеттiк басқару функцияларын негiзге ала отырып қалыптастырылады.
      5) Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
      Бағдарламаның мақсаты жеке мiндеттерге бөлiнедi, яғни басты мақсат бағдарлама шешiмдерiнiң жолдарын құрылымдау және бөлу жолымен неғұрлым жеке бөлiктерге бөлшектенедi.
      Бағдарламаның мiндеттерi бағдарламаның мақсатын көрсетедi және анық, айқын, нақты әрi тексерiлетiн болуы тиiс.
      Мiндеттер қойылған мақсаттарға жетудiң негiзгi кезеңдерiн бiлдiруi тиiс.
      6) Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
      Бюджеттiк бағдарламаның қойылған мақсаттары мен мiндеттерiне жету үшiн оны iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспары әзiрленуi тиiс.
      Iс-шаралар жоспары ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық және басқа да iс-қимылдар кешенiн бiлдiредi. Iс-шаралар жоспарында бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi нақты iс-қимылдар мен iс-шаралар осы iс-қимылдар көзделген кiшi бағдарламалар (олар болған жағдайда) бойынша көрсетiле отырып, жауапты орындаушылар (ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар және т.б.) және әрбiр iс-шараны iске асыру мерзiмдерi көрсетiледi.
      Iске асыру мерзiмдерi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiне жету жөнiндегi iс-шараларды орындауды жоспарлайтын уақыт аралығын анықтайды.
      Бюджеттiк бағдарламаны жоспарлау кезiнде бюджеттiк бағдарламаның негiзгi кезеңдерiн iске асыру мерзiмдерi ресурстарды жұмылдыруға, процестердi iске асыруға және нәтижелердi көрсетуге қанша уақыт қажет болатынын мүмкiндiгiнше түсiнуге негiзделген болуы тиiс.
      Бұл ретте, мемлекеттiк, салалық бағдарламаларды, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын iске асыру мақсатында ұсынылатын мерзiмдер осы бағдарламаларда анықталған iске асыру мерзiмдерiне сәйкес келуi тиiс.
      7) Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
      Осы бөлiмде бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер және бағдарламаның мақсаттарына жету көрсеткiштерi көрсетiледi.
      Бағдарламадан күтiлетiн нәтижелер сандық және сапалық түрде көрсетiлуi тиiс, бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде негiзгi көрсеткiштердiң өзгеру серпiнiн (мақсаттарға жету өлшемдерiн) көрсетуге болады. Бағдарламаның орындалу деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер қол жетiмдi және тексерiлетiн болуы тиiс.

                           3. Қорытынды ережелер

      8. Бюджеттiк бағдарламалардың паспорттары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң немесе мәслихаттың жергiлiктi бюджет туралы шешiмi қабылданғаннан кейiн бiр ай iшiнде бекiтiлуi тиiс.
      9. Бекітілген паспортқа енгізілетін өзгерістер немесе толықтырулар,

егер ұсынылып отырған өзгерістер немесе толықтырулар бюджеттік 
бағдарламаның мақсаттарын, міндеттерін, іс-шаралар жоспарын, оны 
орындаудан күтілетін нәтижелерді өзгертуді көздейтін болса, тиісті бюджет 
комиссиясының оң қорытындысы болған кезде енгізіледі.  
                                                                Қосымша
________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
                        ______ жылға арналған
              ____________________________________________
                    (бюджеттiк бағдарламаның атауы)
                                ПАСПОРТЫ
1. Құны _____________
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________________
N! Бағдарлама! Кіші !Бағдарламалардың !  Бағдарламаны  ! Іске   ! Жауапты
 !    коды   ! бағд.!(кіші бағдарлама.!(кіші бағдарла. ! асыру  ! орындау.
 !           ! коды !  лардың) атауы  !маны) іске асыру! мерзімі!  шылар   
 !           !      !                 !   жөніндегі    !        ! 
 !           !      !                 !  іс-шаралар    !        ! 
___________________________________________________________________________
1     2         3           4                5             6         7
___________________________________________________________________________
     
___________________________________________________________________________
     
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.