Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар (бұдан әрі - Кәсіпорындар) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні қызмет ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және мемлекеттік органдарды жабдықтау функцияларын орындау болып белгіленсін.
3. Кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін және олардың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1724 қаулысына
қосымша
Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Шаруашылық басқармасы
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шаруашылық басқармасы
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Шаруашылық басқармасы
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Шаруашылық басқармасы
5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Өндірістік-пайдалану кәсіпорны
6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шаруашылық басқармасы
7. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Тыл және қамтамасыз ету қызметі
8. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Өндірістік-пайдалану бірлестігі
9. Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарының дирекциясы
10. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының "Ұланы"
11. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы
12. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Шаруашылық басқармасы