Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 желтоқсан N 1709


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан 
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950  

P001950_

  қаулысына 
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат) мынадай 
өзгерістер енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
     ІV "Шығыстар" бөлімінде:
     1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында:
     9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер" ішкі функциясында:
     214 "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" 
әкімшісі бойынша:
     1 "Әкімшілік шығыстар" бағдарламасында:
     1 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасында "146 862" деген 
сан "148 233" деген санмен ауыстырылсын;
     2 "Аумақтық органдардың аппараттары" кіші бағдарламасында "48 060"
деген сан "46 689" деген санмен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.