Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 15 қарашадағы N 1716 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 желтоқсан N 1696

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң 286-бабына және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 44-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.27 N 772 Қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға салық сараптамасын жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға салық сараптамасын жүргiзудiң тәртiбi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 999 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 28, 250-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу мәселелерi бойынша кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 1 маусымдағы N 764 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 20 қазандағы N 1575 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 508-құжат).

      3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                     2001 жылғы 26 желтоқсандағы
                                          N 1705 қаулысымен
                                             бекітілген

Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға
салық сараптамасын жүргiзу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға салық сараптамасын жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже), оларда салық режимiн белгiлеу үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған дайындалған келiсiм-шарттардың, сондай-ақ жасалған келiсiм-шарттарға дайындалған толықтырулар мен өзгерiстердiң салық сараптамасын жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi және салық сараптамасын жүргiзу жөнiндегi уәкiлеттi органның, құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейдi.
      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған дайындалған келiсiм-шарттардың ережелерi, оның iшiнде "Салықтар және төлемдер" бөлiмi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен моделдiк келiсiм-шарттың ережелерiн ескере отырып әзiрленедi.
      3. Жер қойнауын пайдалануға арналған дайындалған келiсiм-шарттарға салық сараптамасын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган):
      1) кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын қоспағанда, пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитеті;
      2) кең таралған пайдалы қазбалар және жерасты сулары бойынша - облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша кен орнын табу орны бойынша салық органдары жүргiзедi.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.27 N 772 Қаулысымен.
      4. Осы Ереже, сол сияқты бұрын жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға да қолданылады.
      5. Осы Ереженiң нормалары барлық мүдделi тараптардың орындауы үшiн мiндеттi.

2. Салық сараптамасын жүргiзу тәртiбi

      6. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалануға арналған дайындалған келiсiм-шартты жер қойнауын пайдаланушының салықтарын және арнайы төлемдерiн белгiлеу үшiн қажеттi осы Ереженiң 3-бөлiгіне сәйкес, тиiстi қосымшалармен бiрге салық сараптамасын жүргiзу жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органның атына жiбередi.
      7. Жер қойнауын пайдалануға арналған дайындалған келiсiм-шарттың салық режимiн келiсу барысында уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыдан салық режимiн белгiлеу үшiн қажеттi қосымша деректердi сұратуға құқылы.
      8. Салық сараптамасын уәкiлеттi орган отыз күннен аспайтын мерзiмде жүргiзедi. Салық сараптамасын жүргiзу барысында жер қойнауын пайдалануға арналған дайындалған келiсiм-шарттың салық режимi уәкiлеттi орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасында келiсiлуi тиiс.
      9. Жер қойнауын пайдалануға арналған дайындалған келiсiм-шарттың "Салықтар және төлемдер" бөлiмiнiң мәтiнiн жер қойнауын пайдаланушымен келiскеннен кейiн, уәкiлеттi орган құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушының атына салық сараптамасын жүргiзу нәтижелерiн жiбередi.
      10. Салық заңдары салық сараптамасы жүргiзiлген күннен бастап келiсiм-шартқа қол қойылған күн кезеңiнде салық заңнамасы өзгерген жағдайда, салық режимi, қайта салық сараптамасын жүргiзе отырып, осы өзгерiстерге сәйкес келтiрiлуi тиiс.
      11. Салық сараптамасының нәтижелерi бойынша белгiленген, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттың салық режимi қандай да болмасын өзгерiстерсiз және түзетулерсіз жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың түпкi мәтiнiне мiндеттi түрде енгізуге жатады.
      12. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын барлау және/немесе өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған келiсiм-шартты қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттың қол қойылған және тiркелген көшiрмесi он күндiк мерзiмде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу мәселелерiне қатысты, оның шарттарының сақталуын кейiннен бақылауды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, жер қойнауын пайдаланушының тiркелу орны бойынша салық органының атына жiберiледi.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.27 N 772 Қаулысымен.
      13. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын барлау және/немесе өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған келiсiм-шарттың қол қойылған және тiркелген көшiрмесi он күндiк мерзiмде жер қойнауын пайдаланушының тiркелу орны бойынша салық органының атына жiберiледi.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.27 N 772 Қаулысымен.

3. Салық сараптамасын жүргiзу үшiн ұсынылатын, жер
қойнауын пайдалануға арналған дайындалған келiсiм-шартқа
қосымшалар

      14. Пайдалы қазбаларды, оның iшiнде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған дайындалған келiсiм-шарттың салық сараптамасын жүргiзу үшiн оған мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстық комиссияның хаттамасынан үзiндi немесе құзыреттi органның шешiмi;
      2) геологиялық бөлiсiм;
      3) құзыреттi органмен келiсiлген жұмыс бағдарламасы.
      15. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын қоспағанда, пайдалы қазбаларды бiрлескен барлау және өндiру және өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған дайындалған келiсiм-шартқа салық сараптамасын жүргiзу үшiн оған мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстық комиссияның хаттамасынан үзiндi немесе құзыреттi органның шешiмi;
      2) геологиялық және/немесе тау-кен бөлiсiмi;
      3) құзыреттi органмен келiсiлген жұмыс бағдарламасы;
      4) қаржы-экономикалық модель.
      16. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау және өндiру жөнiндегі жұмыстарды жүргізуге арналған дайындалған келісім-шартқа салық сараптамасын жүргізу үшін тиісті мемлекеттік орган бекiткен пайдалы қазбалардың қорлары болмаған жағдайда, қаржы-экономикалық модель пайдалы қазбалардың қорларын бекiткеннен кейiн ұсынылады.
      17. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын барлау және өндiру және өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған дайындалған келiсiм-шартқа салық сараптамасын жүргiзу үшiн оған мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстық комиссияның хаттамасынан үзiндi немесе жер қойнауын пайдалану құқығына құзыреттi органның шешiмi;
      2) геологиялық және/немесе тау-кен бөлiсiмi;
      3) құзыреттi органмен келiсiлген жұмыс бағдарламасы.
      18. Барлаумен және өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған дайындалған келiсiм-шартқа салық сараптамасын жүргiзу үшiн оған мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) тау-кен бөлiсiмi;
      2) құзыреттi органмен келiсiлген жұмыс бағдарламасы.
      19. Қаржы-экономикалық модель келiсiм-шарт қолданылатын бүкіл мерзiмге жасалған жылдар бойынша мынадай көрсеткiштердi қамтуы тиiс:
      1) кiрiстердiң сипаттамасы мен толық жазылуы (пайдалы қазбалардың түрлерi бойынша өңдеу көлемi, iшкi және сыртқы рыноктарға бөлiнуiн көрсете отырып, өнiмдердiң түрлерi бойынша сату көлемi, инфляцияны ескере отырып, қолданылып жүрген бағалардағы iшкi және сыртқы рыноктарға арналған бағаларды көрсете отырып, сату бағасын, жиынтық табысты);
      2) шығындардың сипаттамасы мен толық жазылуы (жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың техникалық шарттарын, жабдықтардың жалпы сипаттамаларын және салық заңнамасында белгiленген топтар бойынша амортизациялық аударымдардың тәртiбiн көрсете отырып, көмекшi және әлеуметтiк инфрақұрылымдарды дамытуды ескере отырып, күрделi шығындар, негiзгi баптарды тиянақты баяндай отырып, өңдеу және қайта өңдеу кезеңдерi бойынша пайдалану шығыстары, персоналдың санын көрсете отырып, еңбекақы қорын, өнімдердi сыртқы және ішкі рыноктарға бөлуге байланысты пайдалы қазбаның бiр табиғи көлемiне тарифтi көрсете отырып, өнiмдердi тасымалдауға арналған шығыстар, кен орнын өңдеудiң салдарын жою қорын қалыптастыру мөлшерiнiң және тәртiбiнiң есебi, қазақстандық персоналды оқытуға аударымдар мөлшерi мен тәртiбiнiң есебi, әлеуметтiк инфрақұрылымды қаржыландыру мөлшерi мен тәртiбiнiң есебi, басқа да шығыстар);
      3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынатын базаны көрсете отырып, салық режимiнiң бiрiншi моделiне жататын жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттың шеңберiнде төленетiн салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, бұл ретте есептемелерде тұтастай алғанда да, бөлiнiсiнде де, төленетiн салықтар мен төлемдердiң мемлекет кiрiстерiнiң сомалары көрсетiлуi тиiс;
      4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынатын базаны көрсете отырып, салық режимiнiң екiншi моделiне жататын өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттың шеңберiнде төленетiн салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, бұл ретте есептемелерде жер қойнауын пайдаланушылардың өтемдiк өнiмнiң есебiнен өтелетiн шығындардың тiзбесi мен сомаларын көрсете отырып, өнiмдi бөлу жөнiндегi Қазақстан Республикасының үлесiн есептеу мен төлеу (беру), сондай-ақ шикi мұнай мен басқа да пайдалы қазбаларға акциздердi, үстеме пайдаға салынатын салықты, жер салығын және мүлiкке салынатын салықты қоспағанда, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу тәртiбi көрсетiлуi тиiс;
      5) жобаның негiзгi экономикалық көрсеткiштерiн бағалауды, оның iшiнде:
      таза кiрiстi;
      жиынтық және таза кiрiстi бөлу құрылымын;
      жобаның өтелiмдiк мерзiмiн;
      жоба бойынша қалыптасқан пайданың iшкi нормасын;
      инвестициялық тиiмдiлiктi бағалауды (салынатын инвестициялардың көлемi, олардың өтелiмдiлiк мерзiмдерi, жобаның жалпы пайдалылығы) көрсетілуі тиiс;
      несие алған жағдайда, оны қайтару және несие бойынша пайыздарды төлеу тәртiбi көрсетiлсiн.
      20. Қаржы-экономикалық модельдiң салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi көрсеткiштерi жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардың түрлерiне байланысты көрсетiлуi тиiс.

4. Жер қойнауын пайдалануға арналған дайындалған келiсiм-
шарттарға салық сараптамасын жүргiзу кезiнде қойылатын
талаптар

      21. Уәкiлеттi орган жер қойнауын пайдалануға арналған дайындалған келiсiм-шарттарға салық сараптамасын жүргiзу кезiнде мынадай талаптарды сақтауы тиiс:
      1) салықтар мен төлемдердi есептеуге тура немесе жанама қатысты жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттар ережелерiнiң келiсiм-шартты жасау сәтiнде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн;
      2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi жер қойнауын пайдаланушының мiндеттемелерiн, жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерiнiң мөлшерлерiн, жекелеген салықтар бойынша тұрақтылық нормаларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда және өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда өнiмдi бөлу жөнiндегi Қазақстан Республикасының үлесiн есептеу тәртiбi мен мөлшерiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтемдiк өнiмнiң есебiнен өтелетiн шығындардың құрамын белгiлеу.