Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 және 2001 жылғы 28 маусымдағы N 887 қаулыларына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 желтоқсан N 1633

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.06.2016 № 364 қаулысымен.

      Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) 17-бабын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Мыналар: 
      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) мақсаттары үшін құзыретті органдар; 
     2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi көрсетілген конвенцияның мақсаттары үшін бірыңғай байланыс пункті ретінде белгіленсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.09.12. N  922, 2006.04.28. N 340 қаулыларымен.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының 
     Премьер-Министрі