Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі N 967 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 12 желтоқсан N 1622
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.02.11. N 148 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы заң күші бар  Жарлығына сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының тиімді қызметі үшін қосымша өндіріс құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
 

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына "Хромтау-Алтынсарин темір жол желісін салу және уақытша пайдалану жөніндегі дирекция" шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құруға рұқсат берілсін.
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі