Е.А. Досаев туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 қарашадағы N 1507 қаулысы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі