Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 тамыздағы N 1027 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 3 қараша N 1396

     "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 2 шілдедегі N 51-ө  R010051_ өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
     көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі кесімдерінің тізбесінде реттік нөмірі 20-жол алынып тасталсын.     

     Премьер-Министр