Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 наурыздағы N 299 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 қазан N 1352.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.10.08. N 1037 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан халықтары Ассамблеясының кезекті сессиясын шақыру туралы" 2001 жылғы 22 қыркүйектегі N 234 өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі 2001 жылғы 24 қазанда Астана қаласында Қазақстан халықтары Ассамблеясының сегізінші сессиясын (бұдан әрі - Сессия) өткізуді ұйымдастырсын.
      2. Сессияны өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 2001 жылға арналған республикалық бюджетте 38 "Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамыту" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне көзделген қаражаттың есебінен және шегінде жүзеге асырылсын.
      3. Облыстардың және Алматы қаласының әкімдеріне Сессияға

 

қатысушылардың іссапар шығыстарын тиісті жергілікті бюджеттердің қаражаты

есебінен қаржыландыруды қамтамасыз ету ұсынсын.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары И.Н.Тасмағамбетовке жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.