Қазақстан Республикасында Мемлекеттік сатып алу жүйесін дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 қазан N 1319

      Мемлекеттік органдардың, өзгеде мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінетін қаражаттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып

 

алу жүйесін дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы

мақұлдансын.

     2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу

жөніндегі комитеті бір айдың ішінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік

сатып алу жүйесін дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасының

жобасын әзірлесін және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына

ұсынсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                             2001 жылғы 12 қазандағы

                                          N 1319 қаулысымен мақұлданған



                   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

                        сатып алу жүйесін дамытудың

                2001-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы




                             Астана 2001 жыл




                               1. Кiрiспе



 
       Қазақстан Республикасында мемлекеттiк сатып алу жүйесiн қалыптастыру 1996 жылы мемлекет мұқтаждары үшiн сатып алуды жүргiзудiң нақты рәсiмдерiн алғаш рет белгiлеген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бiрқатар қаулылары қабылданған кезден басталды. Мемлекеттiк сатып алу процесiн және осы процестердi бақылайтын мемлекеттiк құрылымдарды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жасау мемлекеттiк мұқтаждар үшiн тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға бағытталатын бюджет қаражатын жұмсаудың тиiмдiлiгiн арттыру қажеттiлiгiнен туындаған болатын. 1997-2000 жылдары қабылданған шаралар тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу көлемiнiң едәуiр ұлғаюы жағдайында мемлекеттiк сатып алу процестерiн ұйымдастыруды қамтамасыз ете алған мемлекеттiк сатып алудың жүйесiн қалыптастыруға мүмкiндiк бердi.
      Қазiргi уақытта ортаның өзгеріп отырған факторларын ескере отырып, мемлекеттiк сатып алу саласын басқару мен ұйымдастырудың тәжiрибесi негізiнде әзiрленген бағдарламалық құжаттарды жасау арқылы мемлекеттiк сатып алу жүйесiн одан әрi дамытудың негізгі бағыттары мен болашағын анықтаудың қажеттiлiгi пайда болды.
 
            2. Мемлекеттiк сатып алу саласының қазiргі жай-күйi
 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 3834 U983834_ Жарлығына сәйкес стратегияның бiрi ретiнде "Салық және бюджет саясатының тиiмдiлiгін арттыру және бюджеттiк тапшылықты инфляциялық емес қаржыландыру" сияқты осындай басымдықты iске асыру мемлекеттiк шығыстарды ұтымды етудi көздейдi.
      Мемлекеттiк шығыстардың құрылымында мемлекеттiң мұқтаждары үшiн сатып алу елеулi орын алатындықтан, аталған мақсатты iске асырудың бiр жолы мемлекеттiк сатып алу процесiн үйлестiру мен мониторинг жүргiзу процеске қатысушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру, осы процесті реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны әзiрлеу болып табылады.
      1998-2000 жылдар кезеңiнде мемлекеттiк сатып алудың көлемi 61,3 млрд. теңгеден 179 млрд. теңгеге дейiн өстi, 2001 жылы 235 млрд. теңге сомасында мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Егер 1998 жылы сатып алу көлемi 33,6 млрд. теңге болатын 3166 конкурс өткiзiлген болса, ал 1999 жылы - 51,5 млрд. теңгенiң сомасында 4491 конкурс, ал 2000 жылы сатып алу көлемi 100,9 млрд. теңге болатын 5919 конкурс өткiзiлдi. Бұл ретте, осы уақыт iшiнде бюджеттiк қаражаттың шартты үнемделуi шамалы ғана 1998 жылғы 3,1 млрд. теңгеден 2000 жылы 5,1 млрд. теңгеге ғана өстi.
      Бұл, көбiнесе мынаған байланысты болды: талданып отырған уақыт кезеңiнде уәкiлеттi органның ресурстық мүмкiндiктерi iс жүзiнде арта қойған жоқ. Тұтас алғанда, Қазақстандағы мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамыту жөнiндегi жұмыстарға оң баға бере отырып, сарапшылар сонымен бiрге мемлекеттiк сатып алу жүйесінің тиiмдiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк сатып алуды реттеу, болжамдау және әкiмшілiк жүргізу үшiн құқықтық және институционалдық базаны күшейтумен бiрге жүргізiлуi тиiс.
      Бүгінгi таңда, мемлекеттiк сатып алу жөнiндегі заңнамалық және әдiснамалық база, уәкiлетті органның бiлiктi қызметкерлерi, бюджеттiк бағдарламалары бар барлық әкімшілерiнің жинақталған жұмыс тәжiрибесi сияқты осындай факторлардың болуы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк сатып алу жүйесiн одан әрi дамыту тұжырымдамасын әзiрлеуге мүмкiндiк бередi.
 
             3. Проблемалар және оларды тұжырымдамалық шешудiң
                            қажеттiлігін негіздеу
 
      Мемлекеттiк сатып алу процесінің ұйымдастырылуына талдау жасау, өткен кезеңдерде өткiзiлген конкурстардың қорытындылары, тапсырыс берушiлер болсын, сол сияқты ықтимал берушiлер болсын түсiнiктеме беруге жасаған көптеген өтiнiштерi қолданылып жүрген заңнамамен реттелмейтiн көптеген мәселенің бар екендiгiн көрсеттi, мұның өзi өткiзiлген конкурстардың жеткiлiктi ашық еместiгiне және қол жете бермейтiнiне, оларды өткiзу кезiнде нақты бәсекелестiктiң болмауына байланысты проблемалар туғызып отыр. Мұның бәрi, конкурстық рәсiмдердің бұзылуына, жарияланған конкурстардың өткiзiлмеуiне септігін тигiзедi және осының салдарынан бiр көзден ғана сатып алу жасауға әкеліп соғады. Бұл ретте, әдетте, бiр көзден сатып алу кезiнде бағалар конкурстық негізде сатып алу негiздегіден гөрi әлде қайда жоғары.
      Сонымен, мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттырудың бүгiнгi күнгі кезеңiнде мынадай анықталған проблемаларды шешуге тұжырымдамалық көзқарасты талап етедi:
      - мемлекеттiк сатып алу процесiнiң барлық кезеңiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаның жетiлдiрiлмегенi;
      - бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердің номенклатурасын, көлемiн, оларды берудің мерзiмдерiн, сондай-ақ сатып алу тәсiлдерiн жоспарлаудың сапасының төмен деңгейi;
      - конкурстық комиссия мүшелерiнiң, тапсырыс берушiлер мен конкурстарды ұйымдастырушы жауапты адамдардың бiлiктiлiгiнiң жеткiлiксiздiгі, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу процесiнде орын алған сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар;
      - ықтимал өнiм берушiлердің өткiзілетiн мемлекеттiк сатып алу туралы нашар хабардар болуы және олардың соларға қол жеткiзуiнiң шектеулiлігі;
      - жергілiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң сатып алу көлемiнiң ұлғаюы және уәкiлеттi органның аумақтық құрылымдарының болмауы;
      - мемлекеттiк сатып алуға жұмсалатын бюджеттiк қаражатты пайдаланудың мониторингі мен талдаудың автоматтандырылған жүйесiнiң болмауы.
      Жоғарыда санамаланған проблемалар, сондай-ақ әдiснамалық және түсiндiрмелiк жұмыстардың әлсiз болуы, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiнiң қызметкерлерi болсын, сол сияқты ықтимал берушiлердiң қызметкерлерi болсын консультация алуға және оқуға мүмкiндiгi болмауы бүкiл мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң республиканың экономикасындағы өзгерiстерге уақытында және барабар ден қоюына және мемлекеттiк сатып алудың заңнамалық рәсiмдерiн бұзудың көптеген фактiлерінің жолын кесуге дайын болмауына әкеліп соғады.
 
          4. Мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың негізгі жолдары
 
      Мемлекеттiк сатып алу елдiң тiршiлiгiнiң аса маңызды салаларын ескере отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесiн жетiлдiру және оның тиiмдi жұмыс iстеуi көкейкестi проблема болып табылады.
      Осыны негізге ала отырып, осы Тұжырымдаманың басты мақсаты өзгеріп отырған iшкi және сыртқы жағдайларға сәйкес келуi барабар ден қоюы тиiс мемлекеттiк сатып алу жүйесiн дамытудың жолдарын анықтау болып табылады, бұл ретте мемлекеттiк бюджеттiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі акционерлiк қоғамдардың қаражаттарын оңтайлы және тиiмдi жұмсау қамтамасыз етіледi.
      Мемлекеттiк сатып алу жүйесiн одан әрi дамытудың жолдарын анықтаған кезде оның бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауды жетiлдіру, бәсекелестiктi дамыту және шағын бизнестi қолдау, ақпараттық технологияларды енгізу, аймақтық дамыту мәселелерiмен өзара тығыз байланысты екендiгiн ескерген жөн. Қазақстанда мемлекеттiк сатып алудың қазiргі негізгі проблемаларын және тұтас алғанда экономикалық жүйенiң даму үрдiстерiн талдау орташа мерзiмдi болашақта мемлекеттiк сатып алу жүйесiн жетiлдiрудiң мынадай негiзгі жолдарын анықтауға мүмкiндiк бердi:
      - мемлекеттiк сатып алудың негiзгi әдiсi ретiнде конкурстарды ұйымдастыру мен өткiзу процестерiн жiтi регламенттеуге бағытталған "Мемлекеттiк сатып алу туралы" жаңа заңның жобасын және тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу арқылы заңнамалық базаны жетiлдiру, осы сатып алудың ашықтығы және қол жеткiзуге оңайлығы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, өздерi билiк ететiн ақшаның есебiнен мемлекеттiк кәсiпорындардың, сондай-ақ акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуға заңның күшiн қолдануды кеңiнен тарату;
      - қажеттi ресурстармен уәкiлетті органды институционалдық нығайту, бұл мемлекеттік органдардың, өзге де мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындардың және акционерлiк қоғамдардың жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуларын үйлестiру, мониторингi мен бақылау жөнiндегi жұмыс көлемiнiң едәуiр артуымен жұмыс iстей алуына мүмкiндiк бередi. 1997-2000 жылдар кезеңiнде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен сатып алудың жалпы көлемiндегі жергіліктi бюджеттердiң үлесi 1997 жылғы 39%-дан 2000 жылғы 64%-ға дейiн едәуiр өстi. Жергіліктi бюджет бағдарламалары әкiмшiлерінің сатып алу көлемiнің ұлғаюы және жергiлiктi жерлерде тиiстi әдiснамалық жұмыстардың, оқытудың және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамамен көзделген рәсiмдердің дұрыс орындалуын бақылаудың болмауы бүгiнгi таңда жұмыс iстеп отырған мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң кемшiлiгi болып табылады, сондықтан қазiргi уақытта рәсiмдердiң дұрыс орындалуын қамтамасыз етудiң мүмкiн тәсiлдерінің бiрi - уәкiлеттi органның аумақтық басқармаларын құру болып табылады;
      - мемлекеттiк сатып алудың есептiлiгi пен мониторингiнiң, сондай-ақ уәкiлеттi органның Wеb-сайтын құру және қолдау арқылы қазiргі заманғы ақпараттық технологияларды енгiзу. Мониторингтің автоматтандырылған жүйесi жүргізiлген сатып алудың нәтижелерiн жинауға және талдауға мүмкiндiк берiп қана қоймайды, сондай-ақ жоспарланып отырған сатып алу туралы бүкiл ақпаратты, алдағы уақытта өткiзiлетiн конкурстар, конкурстық құжаттамалар және т.б. туралы хабарландыруларды қамтиды, мұның өзi уәкiлеттi органға мемлекеттiк сатып алуды өткiзу барысында жол берiлетiн барлық тәртiп бұзушылықтарға конкурстық құжаттамаларды даярлау кезеңiнде-ақ жедел ден қоюға мүмкiндiк бередi. Бұл барлық ықтимал берушiлердiң мейлiнше хабардар болуына, ашықтығына және қол жеткiзудi оңайлатуға жағдай жасайды және iс жүзiнде шынайы бәсекелестiктi қамтамасыз етедi. Болашақта мемлекеттiк сатып алу мониторингінің автоматтандырылған жүйесi басқа да мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiмен бiрлесе отырып, мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуына жауап беретiн мемлекеттiк органдардың бiрiктiрiлген ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесінің бiр бөлiгiне айналуы тиiс. Автоматтандырылған жүйенiң ақпараты негiзiнде мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң паспорты әзiрленедi, мұнда тұрақты жүйелі талдаудың негiзiнде негізгi проблемаларды және кейiннен уәкілеттi органның тарабынан консультациялар үшiн жол берiлген қателіктердi баса көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу саласындағы олардың қызметiнiң нәтижелерi көрсетіледi;
      - мемлекеттік сатып алу жүйесiнде жұмыс iстеу үшiн оқыту, біліктіліктi көтеру және аттестаттау жүйесiн ұйымдастыру арқылы кадрлар даярлау. Таяу уақытта конкурстық комиссиялардың мүшелерi мен мемлекеттік сатып алу мәселесiмен айналысатын мамандандырылған құрылымдардың қызметкерлерi үшiн оқу ұйымдастыру, ал болашақта мемлекеттiк кәсіпорындар мен акцияларының мемлекеттiк пакетi мемлекеттік тиесілі акционерлік қоғамдарда мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың күшiн қолдануға байланысты осы салада мамандар даярлау жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты енгізу туралы мәселе пысықталатын болады;
      - электрондық сауда-саттықтар жүйесiн құруға және енгiзуге дайындық. Болашақта конкурстық негiзде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу саласында электрондық аукциондар және тендерлер тетiгiн енгiзу қағаз құжат айналымын едәуiр қысқартуға мүмкiндік бередi, сатып алу процесiн неғұрлым жария және ашық етедi.

 

     Жоғарыда айтылған мiндеттердi шешу мемлекеттiк сатып алуды

ұйымдастыру мен өткiзудегі бүгiнгi күнi орын алған кемшiлiктердi жоюға

жәрдемдеседi, электрондық сауда-саттықтардың қазiргі заманғы

инфрақұрылымын құруға жағдай жасайды, сондай-ақ Қазақстанның алдағы

уақытта Дүниежүзілiк Сауда Ұйымына (ДСҰ) кiруiне байланысты мемлекеттiк

сатып алу жүйесiн бейiмдеу проблемасын шешуге көмектеседi.    




  Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.