Ғ"Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін және "Қазақмыс" корпорациясы" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің бір бөлігін жекешелендірудің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 қазан N 1315

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің жедел мақсаттағы батальоны" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Мекеменің Жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Мекемені қаржыландыру 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1443 қаулысымен.

      5. Алматы облысының әкімі белгіленген тәртіппен Мекемені қажетті қызметтік үйлермен және тұрғын жайлармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген қызметті қамсыздандырудың өзге де құралдарымен қамтамасыз етсін.

     6. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі