"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің жедел мақсаттағы батальоны" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 9 қазан N 1305

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің жедел мақсаттағы батальоны" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Мекеменің Жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Мекемені қаржыландыру 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1443 қаулысымен.

      5. Алматы облысының әкімі белгіленген тәртіппен Мекемені қажетті қызметтік үйлермен және тұрғын жайлармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген қызметті қамсыздандырудың өзге де құралдарымен қамтамасыз етсін.

     6. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі