Тараз қаласы "Химпром" ашық акционерлік қоғамының өндірістік қуатын дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі N 1242 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.22 № 653 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 752 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі және "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 752 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң          
2001 жылғы 25 қыркүйектегi 
N 1235 қаулысымен      
бекітiлген         

Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту
ережесі

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 752 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі және "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес әзірленген және адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту тәртібі мен шарттарын белгілейді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 752 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әділет департаменттері (бұдан әрі - Әділет департаменттері) құратын Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттайтын әділет комиссияларында (бұдан әрі - Адвокаттық қызметпен айналысу комиссиясы) аттестациядан өтеді.
      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар Әділет департаменттері құратын Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттайтын әділет комиссияларында (бұдан әрі - Нотариаттық қызметпен айналысу құқығы комиссиясы) аттестациядан өтеді.
      Адвокаттық қызметпен айналысу комиссиясы жеті мүшеден - адвокаттар алқасының төрағасын қоса алғанда, екі адвокаттан, әділет органдарының екі өкілінен, прокуратураның бір өкілінен, құқықтанушы-ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады.
      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына комиссия жеті мүшеден-нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда, екі нотариустан, әділет органдарының екі өкілінен, прокуратураның бір өкілінен, құқықтанушы-ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады.
      Адвокаттық қызметпен айналысу және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына комиссиялардың (бұдан әрі - комиссиялар) дербес құрамдары көрсетілген мемлекеттік органдардың, адвокаттар алқасының және нотариаттық палаталардың ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бір жыл мерзімге бекітіледі.
      Комиссиялардың жұмыс регламенті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі.
      Комиссиялардың қызметін бақылауды уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында емтихан тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және теріс қылықтар жасағаны және өз міндеттерін орындау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьялардан басқа тұрақты судьялар болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттік нотариалдық кеңселерде жұмыс істейтін нотариустар (мемлекеттік нотариустар) аттестациядан өтпейді.
      Сондай-ақ теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда, прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемінде он жыл жұмыс істеген, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алуға ниет білдірген прокурорлар, тергеушілер және анықтаушылар аттестаттауға жатпайды.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 752 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Аттестация екi кезеңнен тұрады:
      1) заңнаманы бiлуiне компьютерлiк тест тапсыру;
      2) үмiткердiң бiлiмiн емтихан билеттерi бойынша тексеру.
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.03.21. N  347 , өзгерту енгізілді - 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

  2. Аттестациядан өту үшiн құжаттарды қабылдау

      4. Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам өзін аттестацияға жіберу туралы өтінішті тұрғылықты жері бойынша Әділет департаменттері арқылы тиісті Комиссияға жолдайды.
      Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
      1) фотосуреті бар жеке іс парағы;
      2) Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;
      3) жоғары заң білімі туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) үміткердің жергілікті жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден медициналық анықтамалар;
      5) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама.
      Үміткер Комиссия отырысына келген кезде оның жеке басын куәландыратын құжат (паспорт не жеке куәлік) өзінде болуы тиіс.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 752 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Комиссияға келiп түскен материалдар олар келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралады.
      Осы Ереженiң 4-тармағында көзделген құжаттар берiлмеген не тиiстi ресiмделмеген жағдайда, үмiткердiң өтiнiшi қаралмайды және келiп түскен күннен бастап 5 күннен кешiктiрiлмей өтiнiш берушiге қайтарылады.

  3. Аттестацияны өткiзудiң тәртiбi мен шарттары 

      6. Аттестацияға " Адвокаттық қызмет туралы " не " Нотариат туралы " Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына (нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткерлер үшiн тағлымдамадан өту туралы талаптардан басқа) сай келетiн Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiледi.
      Yмiткердiң заңнамалық кесiмдермен қойылатын талаптарға сәйкестігін немесе сәйкессiздiгiн тексеру мақсатында Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Комиссия мүшелерiнiң бiрi аттестациялық iс материалдарын зерделейдi, Қорытынды жасайды және Комиссияға ұсынады.
      7. Аттестациялық iс материалдарын қарау қорытындылары бойынша Комиссия аттестацияға жiберу туралы не жiберуден бас тарту туралы уәждi шешiм шығарады.
      8. Егер үмiткер заңнамалық кесiмдермен белгiленген талаптарға сәйкес келмесе, аттестациялауға жiберуден бас тартылуы мүмкiн. 
      Аттестациялауға жiберуден бас тартылған жағдайда Комиссия азаматқа шешiм шығарылған күннен бастап 15 күннен кешiктiрмей заңнама нормаларына сiлтеме жасай отырып, уәждi шешiмдi беруге мiндеттi. 
      Аттестациялауға жiберуден бас тарту заңнамамен белгiленген тәртіппен сотқа шағымдалуы мүмкiн.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.19.  N 64 қаулысымен.
      9. Аттестациялауға жiберiлген үмiткер аттестациялау өтетiн орын, күнi және уақыты туралы, оны өткiзгенге дейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей, аумақтық әдiлет органдары арқылы хабардар етiледi. 
       Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.01.19.  N 64 қаулысымен.
      10. Комиссия аттестациялауды қажеттілiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiне бiр рет жүргiзедi.
      Комиссиялардың отырысы ашық және жария өткізіледі. Комиссиялардың отырыстарына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға құқылы.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.07 N 518, 2006.06.02 N 495 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2011.07.01 № 752 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      11. Аттестацияға жiберiлген үмiткер қолданыстағы заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өтедi. 
      Комиссия тестiлеудi өткiзудiң адалдығын, шарттарының, уақытының, қорытындыларын есептеудiң және мазмұнының стандарттылығын қамтамасыз етедi. 
      12. Тестілеу барысында өзінің мазмұны және көлемі бойынша әртүрлі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білу тестілері адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін бөлек қолданылады.
      Тестілерге кіретін сұрақтар тізбесі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі. Үміткерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар тиісті кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін білуді қажет ететін құқық салалары мен пәндерінің тақырыптарына сәйкес келуі тиіс. Тестілерде жауаптардың біреуі дұрыс болатын кемінде үш нұсқасы болуы тиіс.
      Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлерді тестілеу бөлек жүргізіледі.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 752 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      13. Yмiткер өз қалауы бойынша тестiлеуден мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде өтуге құқылы. 
      Бұл ретте үмiткер өз қалауын жазбаша растауы тиiс. 
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.19.  N 64 қаулысымен.
      14. Yмiткерлер аттестацияны өткiзу тәртiбiмен, үмiткерлердi iрiктеу рәсiмiнiң ұзақтығымен және мазмұнымен алдын ала таныстырылуы тиiс.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      15. Тестілеу компьютер техникасын пайдалана отырып өткізіледі. Тестілеуге бөлінген уақыт тоқсан минутты құрайды.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 752 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      16. Тестiленудiң алдында үмiткер тестiлеуден өту жөнiнде егжей-тегжейлi нұсқау алады. 
      Тестiлеуден өту кезiнде үмiткердiң анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиетті, сондай-ақ қандай да бiр жазбаларды пайдалануына жол берiлмейдi. 
      Yмiткер көрсетiлген талаптарды бұзған жағдайда ол тестiлеуден аластатылады. 
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.03.21. N  347 қаулысымен.
      17. Тестiлеудiң дұрыс жауаптарын есептеу пайдаланылатын компьютерлiк бағдарламаның көмегiмен өздiгiнен жүргiзiледi. Тестiлеу нәтижелерi принтерде екi данада басылады және үмiткерге жеке қол қойдыру жолымен танысу үшін ұсынылады. 
      Тестiлеу нәтижелерi бар қағаздың бiр данасы үмiткерге тапсырылады, екiншiсi Комиссияға берiледi. 
      18. Егер ұсынылған жүз сұрақтан дұрыс жауаптардың саны жетпіс және одан көп болса, үміткер тестілеуден өтті деп саналады және екінші кезеңге жіберіледі.
      Егер ұсынылған жүз сұрақтан дұрыс жауаптардың саны жетпістен аз болса, үміткер тестілеуден өтпеді деп саналады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 752 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      19. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.03.21 N 347 қаулысымен.
      19-1. Үміткердің білімін емтихан билеттері бойынша тексерген кезде өзінің мазмұны бойынша әртүрлі билеттер, адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін жеке-жеке пайдаланылады.
      Билеттер Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі. Үміткерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар тиісті кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін білуді қажет ететін құқық салалары мен пәндерінің тақырыптарына сәйкес келуі тиіс. Билеттерде үш сұрақтан болуға тиіс.
      Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін емтихан билеттері бойынша білімін тексеру бөлек жүргізіледі.
      Ескерту. 19-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 752 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      19-2. Аттестаттау билеттері Әділет департаменттерінің мөрімен бекітілетін конверттерге салынады.
      Аттестаттау билеттері салынған конверттерді Комиссияның төрағасы аттестацияда аттестатталушылардың және Комиссия мүшелерінің қатысуымен ашуға тиіс.
      Ескерту. 19-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 752 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      19-3. Емтихан билеттерiнiң сұрақтарына жауап беру үшiн аттестацияланушының дайындалуына 10 минуттан аспайтын уақыт берiледi.
      Аттестацияланушы ауызша айтқан баяндаған және түсiнiктеме берген сұрақтарға аттестацияланушының берген жауаптарының дұрыстығын Комиссия мүшелерi бес баллдық жүйе бойынша бағалайды. Комиссияның әрбiр мүшесi аттестацияланушының (басқалардан тәуелсiз) жауаптарын бағалайды.
      Екiншi кезеңнiң қорытындылары бойынша төрағалық етушi Комиссия мүшелерi ұсынған нәтижелердi есептейдi, содан кейiн жинақталады және Комиссияның барлық қатысушы мүшелерiнiң санына бөлiнедi.
      Комиссия мүшелерiнiң бағалары, сондай-ақ аттестацияланушының билет сұрақтары бойынша жинаған орташа баллдары Комиссияның хаттамасында көрсетiледi.
       Ескерту. 19-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      19-4. Егер жалпы орташа баллы кемiнде төрт баллды құраған үмiткер аттестациядан өттi деп саналады.
      Сұрақтар бойынша төрт баллдан аз жинаған үмiткер аттестациядан өтпедi деп саналады.
       Ескерту. 19-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      20. Тестiлеу және/немесе емтихан сұрақтарына жауабының нәтижелерi бойынша Комиссия осы Ережеге 1, 2-қосымшаларда белгiленген нысандар бойынша аттестациялау туралы не аттестацияламау туралы уәждi шешiмдi аттестация өткен күннен кейiнгі күннен кешiктірмей шығарады.
      Комиссиялардың аттестаттау туралы шешімдері ол шығарылған сәттен бастап алты жыл бойы жарамды болып табылады.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.03.21. N  347 , 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз), 2011.07.01 № 752 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      21. Комиссияның шешiмi екi данада жасалады, олардың бiреуi аттестациялық iсте қалады, екiншiсi - шешiм шығарылған күнi үміткердің талабы бойынша берiледi.
      Комиссияның отырысында мiндеттi түрде хаттама жүргiзiледi, онда отырыстың күнi, уақыты мен өткiзiлетiн жерi, аттестацияланушының тегi, аты, әкесiнiң аты, тестiлеу нәтижесi, емтихан билетiнiң нөмiрi мен мазмұны, аттестацияланушының жауаптары, билет сұрақтары бойынша Комиссия мүшелерiнiң қойған бағалары және орташа баллдары, сондай-ақ Комиссияның шешiмi көрсетiледi.
      Комиссияның хаттамасына аттестацияға қатысқан барлық мүшелерi қол қояды.
       Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.19.  N 64 , 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
      Комиссияның шешiмi заңнамамен белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкін.
      22. Комиссияда аттестациядан өтпеген өтпеген адам үш айдан ерте емес аттестацияға жiберу туралы өтiнiшпен Комиссияға қайта жүгінуге құқылы. 
       Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.01.19. N  N 64 , өзгерту енгізілді - 2002.03.21. N  347 , 2006.06.02. N  495 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
      23. Дәлелдi себептер бойынша аттестацияға келмеген үмiткер, осы Ереженiң 9-тармағында көзделген тәртiппен, Комиссияның келесi отырысына шақырылады.
      Үмiткер қайтадан келмей қалған жағдайда,оның өтiнiшi қараусыз қалдырылады және оның ұсынған құжаттарымен бiрге қайтарылады. 
       Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.19.  N 64 қаулысымен.

Адвокаттық қызметпен айналысуға
не нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына үміткер адамдардың  
аттестациядан өту ережесіне  
1-қосымша          

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 752 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Комиссияның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерді
аттестаттау туралы шешімі

_____________ қаласы                 20_____ жылғы " _____ " ________

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай құрамдағы комиссия:

Төраға

Хатшы

Мүшелері

__________________ аттестатталсын деп шешті.
      (Т.А.Ә)

Комиссия төрағасы

Комиссия хатшысы

Комиссияның адвокаттық қызметпен айналысуға үміткерді
аттестаттау туралы шешімі

_________________ қаласы               20_____ жылғы " ___ " ________

      Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай құрамдағы комиссия:

Төраға

Хатшы

Мүшелері

___________________ аттестатталсын деп шешті.
      (Т.А.Ә)

Комиссия төрағасы

Комиссия хатшысы

Адвокаттық қызметпен айналысуға
не нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына үміткер адамдардың  
аттестациядан өту ережесіне  
2-қосымша          

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 752 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Комиссияның нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына үміткердің аттестациядан өтпегені
туралы шешімі

_________________ қаласы               20_____ жылғы " ___ " ________

      Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай құрамдағы комиссия:

Төраға

Хатшы

Мүшелері

шешім шығарды

1. _____________________ аттестациядан өтпеді деп саналсын.
       (Т.А.Ә)
2. _____________________ Комиссияға нотариаттық қызметпен айналысу
      (Т.А.Ә)
құқығына аттестаттаудан өту үшін қайта жүгінуге құқылы.

Комиссия төрағасы

Комиссия хатшысы

Комиссияның адвокаттық қызметпен айналысуға үміткердің
аттестациядан өтпегені туралы шешімі

_________________ қаласы               20_____ жылғы " ___ " ________

      Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай құрамдағы комиссия:

Төраға

Хатшы

Мүшелері

шешім шығарды

1. _____________________ аттестациядан өтпеді деп саналсын.
       (Т.А.Ә)

2. _____________________ Комиссияға адвокаттық қызметпен айналысуға
      (Т.А.Ә)
аттестаттаудан өту үшін қайта жүгінуге құқылы.

Комиссия төрағасы

Комиссия хатшысы