Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 22 қыркүйек N 1223


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан 
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950  

P001950_

  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 56, 627-құжат) мынадай толықтыру мен 
өзгерістер енгізілсін:
     мынадай мазмұндағы 15-4-тармақпен толықтырылсын:
     "15-4. Астана қаласының солтүстік айналма жолының құрылысы жөніндегі 
жұмыстар бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырылсын.";
     көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
     ІV "Шығыстар" бөлімінде:
     12 "Көлік және байланыс" функционалдық тобында:
     1 "Автомобиль көлігі" ішкі функциясында:
     215 "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар 
министрлігі" әкімшісі бойынша:
     36 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және 
қайта жаңарту" бағдарламасында:
     34 "Астана қаласының солтүстік айналма жолының құрылысы" кіші 
бағдарламасында "1 850 000" деген сан "2 411 000" деген санмен 
ауыстырылсын;
     35 "Астана - Бурабай автомобиль жолының учаскесін қайта жаңарту" кіші 
бағдарламасында "3 400 000" деген сан "2 839 000" деген санмен 
ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасы 
     Премьер-Министрінің 
     бірінші орынбасары 
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.