Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 қазандағы N 1035 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 қыркүйек N 1217.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы N 1061 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери
қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан
Республикасының азаматтарын 2001 жылдың қазан-желтоқсанында
кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

      "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес қаулы етемін:
      1. Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2001 жылдың қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлері мен әскери құралымдары қатарынан запасқа шығарылсын.
      2. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлері мен әскери құралымдарына 2001 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жергілікті өкілді органдармен бірлесіп тиісті әскери комиссариаттар арқылы 2001 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық ұланы мерзімді әскери қызмет өткеру үшін шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын Қарулы Күштерге, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға жөнелтуді және белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілерді босатуды қаржылай және материалдық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
      5. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті