"N 406 ГА Авиажөндеу зауыты" ААҚ акцияларының мемлекеттік пакетін жекешелендіру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 қыркүйек N 1194. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.06.19. N 676 қаулысымен ~P020676

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 шілдедегі N 1095 P001095_ қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасын іске асыру әрі авиажөндеу өнеркәсібіне қосымша инвестиция тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және

 

жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен негізгі тендерлік

шарт инвестиция тарту деп көздей отырып, тендер өткізу жолымен "N 406 ГА

Авиажөндеу зауыты" ашық акционерлік қоғамының (Ақтөбе қаласы) акциялары

мемлекеттік пакетінің 60%-ын жекешелендіруді жүзеге асырсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.