Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 және 2000 жылғы 19 қазандағы N 1568 қаулыларына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 қыркүйек N 1184

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан-Пәкістан сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының төртінші мәжілісін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 шілдедегі N 940 P010940_ қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Қазақстан-Пәкістан сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясы төртінші мәжілісінің Пәкістан делегациясы мүшелерінің тұру ақысын төлеуге рұқсат етілсін";

 

     4-тармақтағы "шығыстарын" деген сөзден кейін ", оның ішінде Пәкістан

делегациясы мүшелерінің тұруына 596 970 (бес жүз тоқсан алты мың тоғыз жүз

жетпіс) теңге сомасында." деген сөздермен толықтырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.