Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 қыркүйек N 1177.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.27. N 1404 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы N 1641 P001641_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 44-45, 538-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 9-тараудағы: "Заңнаманы жетілдіру, қылмысқа қарсы күрестің құқықтық базасын нығайту" деген 1-бөлімде: реттік нөмірі 6.1-жолда: 2-бағандағы "Орта арнайы білім беру ұйымдары" деген сөздер "арнайы білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-бағандағы "Қаулының жобасы" деген сөздер "Бұйрық" деген сөзбен ауыстырылсын; 4-бағандағы "НЕКА" деген сөз алынып тасталсын; 5-бағандағы "1 тоқсан" деген сөздер "3 тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 6.2-жол алынып тасталсын; реттік нөмірі 6.3-жолда: 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Түзеу мекемелерінде жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы"; 3-бағандағы "Қаулының жобасы" деген сөздер "Бірлескен бұйрық" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-баған мынадай редакцияда жазылсын: "ІІМ, БҒМ, ӘдМ"; 5-бағандағы "2 тоқсаны" деген сөздер "3 тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.