Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 534 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 қыркүйек N 1159. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

     Экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне шектеу енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243   P981243_   қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж.,N 45, 410-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
     "7502 Өңделмеген никель" деген жол алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі