1. "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектілерінің қызметін бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы N 23 P000023_ қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтағы "Энергетика, индустрия" деген сөздер "Экономика" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
"7616 99 100" деген сандардан кейін "қара және" деген сөздермен толықтырылсын;
"түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын," деген сөздердің
алдынан "7204*, 740400 ТМД СЭҚ ТН кодтары бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; "сондай-ақ" деген сөздерден кейін "7302, 8607* ТМД СЭҚ ТН кодтары бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; "тек қана темір жол" деген сөздерден кейін "және теңіз" деген сөздермен толықтырылсын; "Түсті металдардың" деген сөздер "Қара және түсті металдардың" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы ескертпелермен толықтырылсын: "* Тауар номенклатурасы тауардың кодымен де, атауымен де белгіленеді. * Көрсетілген тауарлардың тасымалдау түрлеріне экспортты шектеу Еуропалық Одаққа мүше елдерге қатысты қолданылмайды". 2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.