Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Бiлім, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) арасында көне қала Отырарды сақтау және консервациялау жобасы бойынша келiсім жасасу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 тамыз N 1103

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000 - 2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 31 қазандағы N 1641 P001641_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 44-45, 538-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000 - 2002 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000 - 2002 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 9-бөлiмде: "Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау" деген 2-тарауда: реттiк нөмiрi 1, 4, 9, 17, 19, 20, 22, 23, 27-жолдардағы, "Орындалуына жауаптылар" деген 4-бағанда "ЕХҚМ" деген сөз алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 24-жолдағы, 4-баған мынадай редакцияда жазылсын: "БҒМ, IIМ, ЕХҚМ, ӘдМ". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.