Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 ақпандағы N 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 тамыз N 1022. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.01.11. N 39 қаулысымен. ~P020039

      "Байқоңыр" кешенінің объектілерін және оның жұмыс істеуіне арналған арнайы жүктерді Ресей Федерациясы кәсіпорындарының ведомстволық күзет күштерінің құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардан қорғауын қамтамасыз етуі мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында "Байқоңыр" кешенінің объектілерін және оның жұмыс істеуіне арналған арнайы жүктерді Ресей Федерациясы кәсіпорындарының ведомстволық күзет күштерінің күзетуін қамтамасыз етуі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі Владимир Сергеевич Школьникке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында "Байқоңыр" кешенінің объектілерін және оның жұмыс істеуіне арналған арнайы жүктерді Ресей Федерациясы кәсіпорындарының ведомстволық күзет күштерінің күзетуін қамтамасыз етуі

 

туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар

енгізуге рұқсат бере отырып, оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан

жасасуға өкілеттік берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Қасымбеков Б.А.