Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 140 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 шілде N 1005

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңына  сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi жөнiндегi ақпаратты ашу және жариялау жұмыстарын жетiлдiру мақсатымен, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң "Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi жөнiндегi ақпаратты ашу және жариялау туралы Нұсқаулығын бекiту туралы" 1998 жылғы 9 наурыздағы N 30-Ө бұйрығына , төмендегi өзгерту енгiзiлсiн:
      Аталған бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi жөнiндегi ақпаратты ашу және жариялау туралы Нұсқаулығының екiншi азат жолының 10 тармағындағы "30" деген саны "15" деп өзгертiлсiн.
     2. Заң бөлiмi (Қамали Қ.Қ.) осы бұйрықтың Әдiлет министрлiгiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуден өтiуiн қамтамасыз етсiн.   

     Төраға